Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бұрынғы орынбасары Нұрлан Шабдардың жұбайы мен қызы Нью-Йоркте орналасқан элиталық жылжымайтын мүлікке ие екені белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ГосАрхив мәліметінше, екі пәтер де Манхэттенде орналасқан. Олардың жалпы құны 5 млн доллардан (шамамен 2,5 млрд теңге) асады. Ашық дереккөздердегі мәліметке сәйкес, бұл пәтерлерді айына шамамен 7 мың және 20 мың доллар аралығында жалға беруге болады.
Бұл отбасының шетелдегі жалғыз активтері емес. Бұған дейін Алматы маңындағы элиталық коттедж қалашығында орналасқан, шамамен 2 млрд теңгеге бағаланған зәулім үйдің сатылымға қойылғаны хабарланған еді. Үйдің аумағы 1100 шаршы метрден асады, ал жер телімі шамамен 22 сотықты құрайды.
