Антикордың бұрынғы басшысы Татубаев ісі: қазір не белгілі?

Сағыныш Сардарова 07 там. 2025 10:51

Антикордың бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ісіне қатысты тағы бір дерек шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Tengrinews.kz Бас прокуратураға ресми сауал жолдаған.

"Соталды тергеу жалғасып, қосымша дәлел жинауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп жазылған жауапта.

Еске салайық, бұған дейін Антикордың бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталғаны расталды. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады.

"3 шілдеде Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігінің 1), 2) тармақтарында көзделген қылмысты (азаптау) жасады деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Т.М. Татубаев ұсталды", - деп жазылған бұған дейінгі хабарламада.

Elmedia басылымының дереккөзіне сүйенсек, Талғат Татубаевқа "БТА банк" қызметкерлеріне қатысты азаптау тәсілдерін қолданды деген ауыр айып тағылып отыр. Бұл дерек бұрыннан бері құқық қорғаушылар мен адвокаттар тарапынан көтеріліп келе жатқан, банк активтері үшін болған қақтығыс кезеңіндегі ірі істің жалғасы болуы мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар