Бүгін БАҚ-та Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевты ұстағаны туралы ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Dalanews.kz
Осы дерекке қатысты Антикор мәлімдеме жасады.
"Астана бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаймыз, - деп жазды тексеруші органнан.