Антикор Құлыбаевтың сенімді сергін ұстады

Dalanews 11 мам. 2023 02:55 1067

Антикор Абылай Мырзахметовтың ұсталғанын растады. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының экс-басшысы 30 миллион парамен ұсталған деп хабарлайды DALA INSIDE арнасы.

Абылай Мырзахметовтың отандық истиблешмент тарихында ең үлкен "пара алды" деген айыппен құрықталуы біздегі реформацияның кезекті үлкен қадамы болмақ.

Бір сөзбен айтқанда, егер Мырзахметов антикор тергеушілеріне бар шындықты жайып тастаса, онда "отбасы" гештальтін жабуға зор мүмкіндік ашылмақ.

Мырзахметов 30 милллион долларды өзі үшін алмайтыны белгілі. Оған калибрі жетпейді. Сұрақ – кім үшін алды? Осы "кім" деген сұраққа жауап табу "Жаңа Қазақстанның" басты міндеті.


Құлыбаевтың "оң қолы" бұған дейін де істі болған.

2002 жылы Көлік және коммуникация министрі қызметін атқарған Мырзахметов жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілініп, қызметінен босатылған. 2003 жылы ол 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған еді.

DALA INSIDE оқырманы, сіз біздің тарихи кезеңде өмір сүріп жатқанымызды түсінесіз бе? 30 жыл бойы құрылған клептократиялық режим домино сияқты бір күнде құлайтын болады. Оған сәл қалды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар