Антикор жемқорлыққа қатысы бар тағы бір басшыны ұстады

Қаракөз Амантай 06 ақп. 2024 11:37 6712

"Ертіс орманы" басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен орман шаруашылығын қорғау саласындағы жүйелі жемқорлықты анықтау шеңберінде "Ертіс Орманы" Мемлекеттік орман табиғи резерваты басшысы тарапынан пара алу дерегін анықтады.

"Ол кәсіпкерлерге іскерлік орманды заңсыз кескені және сатқаны үшін пара алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырғаны анықталды. Биыл 26 қаңтарда тергеу сотының санкциясымен Резерват басшысы 2 ай мерзімге қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, резерваттың бес бухгалтеріне қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр, олар 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің карточкалық шоттарына, сондай-ақ мекеменің жұмыс істеп тұрған және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жалақыны есептеу және аудару арқылы 25 миллион теңге сомасында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған.

"Келтірілген материалдық залал ішінара өтелді. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды".

Антикор оқиғаға қатысты видео және фотосуреттерді таратты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар