Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агеттігі спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша ведомствоаралық мәжіліс өткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Елімізде спортты дамытуға бөлінетін мемлекеттік қаражаттың ұтымсыз және тиімсіз жұмсалуына әкеп соқтыратын елеулі жемқорлық тәуекелдері мен факторларының болуын көрсеткен сыртқы талдау нәтижелері талқыланып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агеттігі осы жылдың басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысын тіркеген.
Ұлт денсаулығын нығайту және бұқаралық, әсіресе балалар спортын дамыту мәселелеріне мемлекет басшысы ерекше көңіл бөлінгендіктен, тек соңғы 6 жылда осы саладағы бюджет 2 есеге өсіп, 1,4 триллион теңгеге жеткен. Алайда Қазақстанның әлемдік спорттағы рейтингі төмендеуде. Осы сала бюджетінің 90%-ы жұмсалатын "жоғары жетістіктер" және "бұқаралық" спортты қаржыландыру арасында теңгерімсіздік байқалады.
Мәжілісте Қазақстандағы спортшыларды натурализациялау, кәсіби клубтардың бюджеттерін қалыптастыру және легионерлерге төлемдерді қаржыландыру мәселелері талқыланды. Президенттің бюджет пен жалақы мөлшерін шектеу жөніндегі тапсырмасына қарамастан, еліміздің футбол кәсіподақ клубтары соңғы 3 жыл ішінде 30 млрд теңгеден астам үстеме ақы төледі. Сонымен қатар өзінің спорттық инфрақұрылымын дамытудың орнына бюджет қаражаты легионерлерге төлем жасауға және спорт нысандарын жалға алуға жұмсалды.
Талдау қорытындысы бойынша агенттік салалық министрліктің атына жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар енгізді.
Ведомстволық бақылауды күшейту және дискрециялық өкілеттіктерді қысқарту, қаражатты бөлу процестерін нақты нормативтік және құқықтық регламенттеуді белгілеу және бұзушылықтар үшін жауапкершілікті дербестендіру, сондай-ақ бірыңғай цифрлық платформа құру туралы сұрақтар қойылды.