Әнші Жеңіс Ысқақова отбасылық өмірі туралы құпияны айтты

Әнші Жеңіс Ысқақова отбасылық өмірі туралы құпияны айтты
Жеңіс Ысқақова. Фото: ашық дереккөзден

Белгілі әнші Жеңіс Ысқақова ұлы мен келіні, отбасылық өмірі туралы баяндады, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Менің ұлым екі рет үйленді. Оны бүкіл Қазақстан біледі. Алғашқы некесінде келінім бөлек тұрғысы келді. Бірақ ұлым оған келіспей, ата-анасымен бірге тұратындарын айтты. Ол: "Егер бөлек тұрғың келсе, өзің бөлек шыға бер", – деген. Бұл жерде менің ешқандай қатысым болған жоқ. Жастар үйде өздері тұрды. Ол кезде мен жұмыс бабымен Астанада тұрып жаттым. Бұл – екеуінің арасында болған әңгіме.

Мен қайтып келгенде бұрынғы келінімнен: "Не болды? Неге кетуге шешім қабылдадың?" – деп сұрадым. Ол: "Менің сізге ешқандай ренішім, талабым жоқ. Қазір заман осындай ғой", – деп жауап берді", – деді.