Әнші Роза Рымбаева тосын мәлімдеме жасады

Әнші Роза Рымбаева тосын мәлімдеме жасады
instagram.com/rozarymbaeva/

Әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева тосын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.

"1001 түн" студиясында қонақта болған әнші "сахнадан уақытында кеткен дұрыс" екенін айтқан.

"Сахнадан уақытында кеткен дұрыс деп ойлаймын. Мен де 50 жылдық шығармашылық кешімнен кейін сахнамен қоштасуды жоспарлап жүрмін. Денсаулық сыр беріп, жас ұлғайғанда халық алдында жүруді дұрыс санамаймын. Уақытында кетсең, көрерменнің жадында жақсы бейнеңмен қаласың", - деді әнші.

Айта кетейік, Роза Рымбаева - Қазақстанның Халық әртісі, Қырғызстан және Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші, профессор, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері.