Америкада Жамбыл Жабаевтың ерекше суреті табылды

Сымбат Сатыбалдина 07 ақп. 2024 14:52 3359

Жамбыл Жабаевың суреті Америкадан табылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Egemen-ге сілтеп.
 
Бұл - 1951 жылы Нью-Йорк қаласында баспадан шық­қан "Кеңестер Орта Азияда" кіта­бы. Ұлыбританиялық зерттеу­ші Зелда Коутес пен Уиллиям Коу­тес бірлесіп жазған бұл кітап сол кездегі кеңес одағында­ғы республикалардың жағда­йын баян етеді.  
 
Жамбыл атын­да­ғы музейдің қазіргі директоры, Жам­был Жабаевтың неме­ресі Сал­танат Тезекбайқызы Жам­бы­ло­­ваның сөзінше, бұл сурет негізінен ІІ дүниежүзілік соғыстан бұрын түсі­рілген болуы керек. 
"Ол кісінің сурет­тері өте көп, бірақ мынау өз­геше сурет екен. Өйткені бұл жер­де отырған кісілер де –  бізге таныс адамдар. Сол жақта малдас құрып отырған кісі – Ғали Ор­манов, Жам­был атамыздың әде­би хатшы­сы болған. Ал ақ жей­делі, жерде жан­тайып жатқан – атамыздың аудар­машысы, хат­шысы Павел Нико­лаевич Куз­нецов, ар жағын­да отырған кісі Қадыр Хасенов. Атамыздың біраз өлеңін ұйғыр, қытай тілі­не аударған. Оң жақ­та жантайып жатқан кісі – менің әкем Тезек­бай Жамбылұлы. Ал киіз үй­дің босағасында отыр­ған – атамыз­дың ұлы Қожаштың қызы Діл­дәхан тәтеміз. Ол кісі сек­сен жастан асып қайтыс болды. Біз бұл суретті көріп, қуанып қал­дық. Атамыздың 1936–1945 жыл­дар аралығындағы суреттері біз­ге жеткен, ал оның алдын­да­ғы кезден 1913 жылғы бір сурет қана бар, осы жылы Романовтар әуле­тінің патшалық құрғанына 300 жыл толуына байланысты Жетісу өңі­рінен 15 ақынды ақ патшаны мақ­тап, өлең айтасыңдар деп ша­қырған екен, сондағы суреті сақ­талған. Мен 1981 жылдан бастап атамыздың атындағы музейде жұ­мыс істеп келемін, ғылыми қыз­меткер, қор сақтаушы болып қыз­мет атқардым. 2018 жылдың аяғынан бері Жамбыл атындағы му­зейдің директоры болып жұмыс істеймін, бұл суреттің бізде қалай сақталмай қалғанын білмеймін", - деді ол.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар