Аманқұл? Жарақат алған адамды Олимпиадаға несіне апарды? – Сәрсекбаев

Dalanews 03 там. 2021 06:06 380

Бокстан 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Токио Олимпиадасында ерлер арасында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде басқа боксшы өнер көрсетуі керек екенін мойындады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы ол Youtube-тегі LifeSport KZ арнасына берген сұхбатында айтты.

Егер Аманқұлдың жарақаты болса, онда оның орнына Тұрсынбай Құлахмет баруы керек еді. Лицензия алуға арналған іріктеу жарыстарына да Құлахметті апару қажет еді. Одан бірдеме шығар еді, ол жараланбаған болатын.

Неліктен жарақат алған адамды Олимпиадаға апарған? Тек қыдырып қайту үшін бе? Біз білдік қой, оның жарақаты ауыр екенін, өлсе де жүлде ала алмайтынын, - дейді Сәрсекбаев.

Оның пікірінше, бүгіндері елімізде бұл салмақта, шын мәнінде, медаль ала алатын боксшылар бар.

Демек, біз өз принциптерімізді мемлекеттік принциптерден жоғары қоятын болып тұрмыз? Ал, ондайда не айтарымды да білмеймін, - деп сөзін түйіндеді спортшы.

...

Айта кетелік 75 келіде салмақта өнер көрсететін Әбілхан Аманқұл ширек финалда бразилиялық Эберт Консейсан Соузамен кездескен болатын. Тартысты бәсекеде бразилиялық боксшы 3:2 есебімен басым түсіп, жартылай финалға өткен.

Артынан Аманқұлдың жеке бапкері Нұрлан Ақүрпеков  сұхбат беріп, жанкүйерлерден кешірім сұраған. 


"Әбілханның бұрыннан иығында жарақаты барын білесіздер. Бірнеше рет ота жасаттық. Соңғы отадан кейін бір жарым жыл бойы үзіліс алу керек еді. Бірақ біз Олимпиада уақыты жақындап қалған соң, айтарлықтай күтім жасамадық.



Сол жарақат Токио төрінде тағы да сыр берді. Одан қалса, өзбекстандық боксшымен өткен жекпе-жектен соң оң жұдырығын жарақттап алды. Қолы да ауырып тұр. Иығы мен қолындағы жарақаты оның кеңінен көсілуіне мүмкіндік бермеді.

Жеңілістің себебі осы деп ойлаймын. Ол кәсіби боксқа барса да, алдынан осы жарақат шығады. Сондықтан, толық емделуі керек", – деген болатын бапкер.

https://youtu.be/aOn60cYYgIw

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар