Амандық Баталов Қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында есеп берді

Dalanews 28 нау. 2018 12:26 955

Бүгін Талдықорғандағы Тіл сарайында Алматы облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, онда облыс әкімі Амандық Баталов кеңес мүшелерінің алдында 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы  есеп берді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.



2017 жылдың қорытындылары жайлы баяндаған облыс әкімі А. Баталов 2017 жылы облыстың барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері табысты іске асырылғанын атап өтті.Экономика өсімі 2,7%-ды (РК – 104%) құрап, меншікті кіріс 24%-ға өскен. 527 млрд. теңге инвестиция тартылды, 26 мыңнан астам жұмыс орны құрылып,  жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға (ҚР – 4,9%) төмендеген. Өнеркәсіпте өндіріс көлемі 2,9% өсіммен 750 млрд. теңгеден асты.



Индустриялық - инновациялық даму бағдарламасының арқасында өңдеуші сектордағы өнім шығару 2 есеге өскен және қазір оның үлесі  85%-ды құрайды.

Индустрияландыру картасы шеңберінде инвестициялар көлемі 319 млрд. теңге болатын барлығы 55 жоба іске асырылып, 8,7 мың жұмыс орны құрылды. Ауыл шауашылығы өндірісіндегі жалпы өнім көлемі бойынша республикада бірінші орыннан көрініп, өткен жылы бұл көрсеткіш 3,3%-ке өсіп, 648 млрд. теңгені құрады.

Биылғы жылдың міндеттерін сөз еткен Амандық Баталов «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасына» ерекше тоқталып өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы басым бағыттарды жүзеге асыру жолындағы жобалар туралы да айтты. Мәселен, өңірдегі 40 кәсіпорынға инновациялық технологиялар мен цифрландырулар енгізіледі. Жаңа зауыттарға «Индустрия 4.0» элементтерін қолдану жоспарланып отыр. Олардың алдыңғы қатарында трансұлттық компаниялар қатысатын,экспортқа бағытталған инновациялық өнеркәсіптердің құрылысы бойынша 9 жоба бар. Атап айтқанда, жергілікті шикізат негізінде өнім шығаратын, 500 жұмыс орнын құратын «Маревен Фуд» зауыты, «ақылды» автоматтандырылған жүйемен толық қамтылған, майлайтын материалдар өндіретін «Лукойл» зауыты, «Бауман» неміс компаниясы жүзеге асыратын, 30 мың тонна қуаттылығы бар, ұсақ мал етін тереңнен өңдейтін жобаны айтуға болады. Мұның бәрі өнеркәсіп өндірісінің көлемін 2020 жылға қарай 1 трлн. теңгеге жеткізуге мүмкіндік береді.



Мұнан соң облыс әкімі алда тұрған басым бағыттар ретінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде ауыл шаруашылығында сүт өндірісін дамыту, картоп өсіруді өндірістік деңгейге жеткізуді атап өтті. Бұл орайда ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру есебінен пайдаланылмаған суармалы жерлер белсенді түрде айналымға енгізілетін болады. Жоспарланған 216 мың гектар жердің биылғы жылы 25 мың гектар суармалы жері қолданысқа қосылады. Сөйтіп жаңа бастамалардың арқасында ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 2021 жылға қарай 200 млрд. теңгеге жетпек немесе 1,3 есеге өседі.

Сонымен қатар кәсіпкерлікті, туризмді дамытуға, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларына ерекше көңіл бөлінді.

Өңірді газдандыру, жол құрылыстарын жүргізу, мәдениет пен спортты дамыту да тұрақты назарда. Облыс орталығын абаттандыру ісі жалғастырылады.

– Биылғы жылы Драма театрының, музыка мектебінің және 1200 орындық екі мектептің құрылысын аяқтаймыз, жүзу бассейнінің, жеңіл атлетика манежінің және  «Азаматтарға арналған үкімет» ғимаратының құрылыстары басталады. Орталық алаңды және Мәдениет сарайының қасбетін жаңғырту аяқталады. Қала тұрғындарының қолайлы және жақсы өмір сүруі үшін «Смарт сити» жобасы іске асырылуда, – деді А. Баталов.



Облыстың даму қорытындылары туралы баяндамадан кейін облыс басшысына қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан бірқатар сауалдар қойылды. Атап айтқанда, шаруаларға ауыл шаруашылығындағы кооперациялық жүйенің жаңа өзгерістерін ақпараттық түсіндіруді кеңінен қолға алу, Балқаш көлінің жағалауында сапалы қызмет көрсету нысандарын салу, мал басын көбейтуге ден қою, сүт өндірісін дамытуда іргелілерімен қатар шағын шаруашылықтарға да қолдау көрсету, Талдықорған агротехникалық колледжіне жатақхана салу қажеттігі т.б. мәселелер көтерілді. Сауалдардың бәріне толыққанды жауап берген облыс әкімі туризмде, ауыл шаруашылығында, әлеуметтік және басқа да салаларда аталған мәселелердің барлығы да қамтылатынын айтты.

Жиында облыстық қоғамдық келісім мүшелері облыс әкімі А. Баталовтың өткен жылғы атқарған жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.

Отырысты қорытындылаған облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Әлихан Тойбаев соңғы жылдары өңірде жетістіктер мен жақсы жаңалықтардың мол екенін атап өтіп, бұл орайда облыс басшылығына кеңес мүшелері атынан ризашылығын білдіріп, жұмысына табыс тіледі.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/34218

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар