Амандық Баталов: «Ет экспортының жоспарын орындау – басты міндет»

Dalanews 21 ақп. 2018 09:03 910

Алматы облысында мал шаруашылығы тұрақты дамып, 2017 жылы «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы 147%, «Алтын асық» – 159, «Құлан» – 127% орындалды. Осының барлығы мал басының орта есеппен 3,5 % өсуіне мүмкіндік беріп,ауыл азаматтарының жыл бойы жұмыспен қамтылуына ықпал етті. Бұл туралы облыс әкімі А. Баталов тұрғындар алдындағы есеп беру жиынындағы баяндамасында айтты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысының айтуынша, бүгінде өңірде 51 мың бас ірі қараға арналған 78 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Ендігі басты міндет – ет экспортының жоспарын орындау.

– Биылғы жылы ирандық «Империя Фуд» компаниясының ет өңдейтін кешенін іске қосу арқылы бұл міндетті орындайтын боламыз. Кешен жобалық қуатына сай жылына 8мың тонна дайын өнім шығара алады. Биылғы жылдың өзінде шет елдерге 700 тоннаға дейін ет экспорттауды жоспарлап отырмыз, – деді А. Баталов.



 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар