Аманаттықтар Қостанай тұрғындарына 312 тонна гуманитарлық көмек жинады

Dalanews 04 қыр. 2022 15:58 825

Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен және эвакуацияланған тұрғындар үшін «AMANAT» партиясының мүшелері 312 тонна гуманитарлық көмек жинады. Онда азық-түлік, жылы киім, жеке тазалық құралдары, төсек-орын, тұрмыстық техника және құрылыс материалдары бар, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Жастар Рухы» жастар қанатының мыңнан астам волонтері партияның аймақтық филиалдары жанындағы гуманитарлық көмек жинау пункттерінде жұмыс істеп жатыр.

145 тонна жүк Қостанай облысына жөнелтілді. Гуманитарлық көмек тиелген көліктерді елордадағы және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы партия мүшелері жіберіп үлгерді. Алматы қаласынан жүк көліктері бүгін түнде жолға шығады.

Айта кетейік, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелерінен құралған волонтерлердің алғашқы топтары зардап шеккендерге көмек көрсету және қалпына келтіру жұмыстарына қатысу үшін Қостанай облысына аттанды.

Қазіргі уақытта волонтерлер партия филиалдары жанынан ашылған гуманитарлық көмек жинау пункттерінде жұмысын жалғастыруда.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар