Amanat партиясының экс-мүшесі 7 жасар ұлды зорлады деген күдікке ілінді

Қаракөз Амантай 20 там. 2024 09:41 1968

Amanat партиясы Ақсу аудандық филиалының басшысы Серікқан Жақыпов 7 жастағы бүлдіршінге жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Ақсу аудандық полиция бөлімі мәлім етті.

Мәліметке сүйенсек, сараптама 7 жасар балаға күш қолдану фактісін растады. Баланың анасы Ақсу аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазған.

Ақсу аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажет сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу шеңберіндегі басқа деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сай жарияланбайды”, – делінген хабарламада.

Amanat партиясының Жетісу облыстық филиалы Жақыповтың енді партияда жұмыс істемейтінін мәлімдеді.

“Аманат”партиясы Жетісу облысы Ақсу аудандық филиалының экс-басшысы 2024 жылдың 1 тамызында өз еркімен қызметінен кетті”, – делінген хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар