AMANAT партиясының депутаттары жиналыстарына кірмек болған журналисті қуып шықты

Көркем Алдабергенова 17 нау. 2025 18:00 163

AMANAT партиясының депутаттары жиналыстарына кірмек болған журналисті кіргізбей қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Видео телеграм арнада тарады. Депутаттардың сөзінше, журналист шақырылғандардың тізімінде болмаған. 

"AMANAT партиясы немен айналысатынын білгіңіз келсе қоғамдық қабылдауға жазылыңыз", дейді видеодағы фракция мүшелері. 

Артынша олар журналистен "есіктің ар жағына барып тұруды" сұрайды. 

"Партия ішілік жұмыстарымыз бар. Сол мәселелерді шешуіміз керек", дейді фракция мүшесі. 

Артынша кабинетте отырған партия мүшелері журналистің жиналысқа қатысуы не қатыспауын дауыс беру арқылы шешуді ұсынған. 

"AMANAT партиясының депутаттары нақты не үшін керек?", деп сұрады журналист. 

Фракция мүшелері жазбаша түрде жауап беретінін және уақыт тығыз болғандықтан журналистің жиналыстан шығуын сұраған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар