Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін елорда «Amanat» партиясының кеңсесінде тұрғындарын қабылдап, олардың ой-пайымына назар аударды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Бүгін «Amanat» партиясының елордалық филиалы базасында азаматтарды қабылдадым. Қабылдауда тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік нысандар салу, медициналық және әлеуметтік көмек, абаттандыру сынды мәселелер сөз болды.
Мәселен, тұрғын үй мәселесі оң бағытта шешу үшін бірнеше бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Нақтырақ айтқанда, кезекте тұрғандарға арналған әлеуметтік пәтерлердің құрылысы, апатты жағдайдағы және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу, құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерін аяқтау, үйлерді жөндеу.
Сонымен қатар, әлеуметтік нысандар (мектептер, спорт және медицина нысандары) құрылысының көлемі ұлғая түсті. Биыл 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз. Олардың бір бөлігі қазірдің өзінде аяқталды.
Азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелерді шешу барысын бақылауда ұстаймыз, – деді Жеңіс Қасымбек.