Геннадий Головкинмен Сауль Альварестің арасындағы жекпе-жек баяғыда өтуі тиіс еді. "Golden Boy" компаниясы Альвареспен кездесу үшін Головкинге белгіленген жалақы беретіні белгілі. Бұдан Канэлоның бұл кездесуден қашып жүргенін байқаған едік. GGG-дің командасы ұсыныстан бас тарту үшін олар неғұрлым аз қаражат ұсынған.
Мамандардың пайымдауынша, Альварес - Головкин жекпе-жегінен 200-300 млн доллар табыс табуға болады, ал олар Геннадийге 40 миллион беріп құтылып кетуді ойлады. "Golden Boy" қазақстандық боксшыға көбірек қаражат ұсына деп те айтылған еді.
Бірақ Альварес бұл жекпе-жектен қашып құтылмайтынын сезген секілді. Сондықтан ол алдағы қыркүйекте Генамен күш сынасуға келісті.
https://www.youtube.com/watch?v=7w2xbeCV3MQ