«Біздің тәжірибелі мамандар келген балаларды көпшілік ортада өзін ұстауға, сұрақ қоя білуге, сұраққа жауап қайтаруға бейімдейді. Біраз күнде олар ашыла бастайды. Әр балаға мүмкіншілігіне қарай жұмыс істеу бағдарламасы әзірленеді», – дейді орталық жетекшісі.
Мекемеде логопед, дефектолог, психолог, музыка кабинеті, 5 мұғалім, 2 тәрбиеші, 2 күтуші бар. Барлығы өз істерін жақсы біледі.
– Орталықта үйреткенді үйге барғанда да жалғастыру керек. Бала білгенін ұмытып қалмауы тиіс. Жан-жақты дамыта берген дұрыс. Біздің балалар өз деңгейіне қарай буындап оқу, санауды үйренеді. Бастауыш сыныпты аяқтап, орта мектепті бітіргендері де бар. Ата-ана мен ортаның көмегі көбірек болса, дамуы да жақсы болады, – дейді Бибігүл Нұрғалиқызы.