Алтай Көлгінов 5 айда 670-тан астам қала тұрғындарын қабылдады

Dalanews 26 жел. 2019 13:18 842

Елорда әкімі Алтай Көлгінов кезекті жеке қабылдау өткізді. Азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, медициналық көмек алу, жұмысқа орналасу, білім беру саласы, балалар үйірмелерін ұйымдастыру сынды мәселелерді көтерді.

Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу және халықпен кері байланысты нығайту тапсырмасын орындау мақсатында қала әкімдігі тұрақты негізде «Ашық микрофон» форматында қала тұрғындарымен кездесулерді өткізіп тұрады.

5 жарым ай ішінде елорда әкімі Алтай Көлгінов қабылдауға жазылған 670-тан астам адамды қабылдады.

Сұрақтардың басым бөлігі шешілді, қалғандары жұмысқа алынды. Азаматтарды қабылдау сондай-ақ аудандық әкімдіктерде (аудан әкімдері 2 мыңнан астам адам, қала әкімінің орынбасарлары 2,5 мың адам қабылдады) және «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өтеді.


Орталыққа  15 мың сұрақ бойынша 7 мыңнан астам адам жүгінді. Заң аясында 11,6 мыңнан астам кеңес берілді, 3,6 мыңнан астам мәселе сол жерде шешілді. Сонымен қатар, қала әкімі Алтай Көлгінов «Ашық микрофон» форматында қала аудандарының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар