Алтай – еліміздегі ағаш өңдеу саласының отаны

Dalanews 25 жел. 2015 01:01 2747

Шығыс Қазақстан облысының ормандары Қазақстан Алтайы, Сауырдың қоңыр қылқанжапырақты тайгасы, жапырақты ормандары кіретін Шығыс аймағы, Ертіс бойының қарағайлы орман жалдары және Қазақ шағын адырының далалық шоқ ормандары мен Тарбағатай кіретін Семей аймағына бөлінеді. Облыстың мемлекеттiк орман қорының ауданы – 3,6 млн. гектар. Шығыс Қазақстанда бүкіл Қазақстан пайдаланатын ағаш қорының 75 пайызы шоғырланған.


Елімізде Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында 1,5 миллион гектар жерді алып жатыр. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50%-ы сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2,1% ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі.


Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады. Екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында – Тянь-Шань шыршасынан тұратын таулы ормандар тұр. Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы «Қазақстан» өндірістік кооперативі кесілген материалдар, діңгек, ағаш бұйымдарын шығарады. Кооператив ұжымы 70 адамнан тұрса, жылдық қайта өңдеу көлемі 5 мың текше метрді құрайды.




Елімізде Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында – 1,5 миллион гектар жерді алып жатыр. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50%-ы сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2,1% ғана. Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады.



Соңғы жылдары облыста ағаш өңдеу саласы жақсы дамып келеді. Әсіресе, ағаштан баспана тұрғызу қарқын алуда. Ол үшін өңірдегі орман шаруашылығы мен оны пайдаланушылар өзара ынтымақтастық орнатқан. Тек Зырян ауданының өзінде ағаш өңдеумен ондаған жеке кәсіпкер айналысады. Нәтижесінде ауданда осы салада 100-ден астам адам тұрақты жұмыс тапса, таза ағаштан тұрғызылатын үй мен моншаға еліміздің басқа өңірлерінен сұраныс артқан. Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын 2 мың текше метр ағаш өңдеуге рұқсат беріледі. Дегенмен өңірдегі орман қорын пайдаланып,  ағаш өңдеушілер  осы берілген шекті көлемінің 10-15 пайызын ғана игереді. Малеев – облыстағы орман қоры ең көп ауылдардың бірі. Дегенмен бұған дейін ауылда  ешкім ағаш өңдеумен шұғылданбаған. Енді бұл салаға да «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының септігі тигенін байқауға болады.


Зырян ауданыдағы ағаш өңдеу кәсібімен айналысатын Александр Катаев мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жеңілдетілген несиесіне ие болып, ағаштың үгіндісін қысып, брикет жасайтын станок алуды көздеп жүргенін айтқан болатын.


– Маған су тақтай мен бөренені кептіретін арнайы орын қажет.  Кәсібімді ары қарай дөңгелету үшін бірнеше жобаның  жоспарын жасап қойдым. Қазір негізінен  ағаш үй мен монша дайындаймын. Енді ағаштың үгіндісін қысып, қалыптап отын шығаруға арналған арнайы желіні іске асырмақпыз. Бұл – өте өзекті жоба. Жанармайдың орнына отын ретінде қолдануға  болады. Экологиялық тұрғыдан 100 пайыз таза. Ешқандай қалдықсыз жанады, – дейді.


Орман шаруашылығы мамандарының айтуынша, ағаш қалдығы мен үгіндісін  өңдеу саласын дұрыстап қолға алса, пайдасы да шаш етектен. Ол үшін өңірдегі орман қоры да жеткілікті. Бүгінде өңірде жылына 200 мың орман ағашы кесілсе, орнына жас өскін ағаштар отырғызылып тұрады.  Осылайша экономикалық өсім үшін үлкен қор жыл сайын жасақталынады.  Атқарушы билік ағаш өңдеу  саласында жаңа жобалар  болса, қолдауға дайын. Ал  отын орнына қолданылатын брикет өндірушілерге қаржылай көмектесіп, зауыт ашуға қажет инфрақұрылым да тартып бермек.


Осыдан біршама уақыт бұрын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ағаш өнеркәсібі кешенін дамыту бағдарламасын дайындаумен айналысатын жұмыс тобының есебін тыңдап, өз бағасын берген болатын. Жұмыс тобының мүшелері облыс әкімін Шығыс Қазақстан облысындағы 2015-2020 жылдарға арналған ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту жобасымен таныстырды.




Шығыс Қазақстанда жыл сайын 1 млн. текше метрге дейін ағаш дайындауға болады. Ал, нақтысында 200 мың текше метр жуық дайындалады. Мемлекет бойынша ағаш өңдеу өнімінің экспорты 5,5 млн долларды құраса, импорт 500 млн долларды құрайды. ШҚО-да орналасқан кедендік пункттер арқылы жыл сайын 10 млн долларға жуық өнім енгізілсе, тек 400 мың доллар экспортқа шығарылады.  Осы бағытта орын алған жағдайға байланысты, бұл беталыс әлі де жалғаса беретін болады. Бүгінде бар ағаш өңдеу өнеркәсіптерінің әлеуеті төмен. Сондай-ақ, мамандардың айтуы бойынша облыста ағашты терең өңдейтін кәсіпорындар жоқ, немесе ағаш дайындау кәсіпорындарының материалды-техникалық негіздері төмен.




Арнайы дайындалған жоспарда облыстың ағаш өнеркәсібінің ресурстары, өңделген өнімнің экспортталатын елдер қатары, орман шаруашылығының техникалық және технологиялық жағдайы ескерілген. Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мен ағаш өңдеу өнеркәсібімен айналысатын арнайы консалтингтік компания қажет құжаттарды дайындау үстінде. Нақты жоспардың дұрыс жасалуы мен орындалуы ағаш өндірісі дамуының басты көрсеткіші болмақ, яғни экономикалық жағдайға тікелей әсер етпек.


Сараптамаға сәйкес, Шығыс Қазақстанда жыл сайын 1 млн. текше метрге дейін ағаш дайындауға болады. Ал, нақтысында 200 мың текше метр жуық дайындалады. Мемлекет бойынша ағаш өңдеу өнімінің экспорты 5,5 млн долларды құраса, импорт 500 млн долларды құрайды. ШҚО-да орналасқан кедендік пункттер арқылы жыл сайын 10 млн долларға жуық өнім енгізілсе, тек 400 мың доллар экспортқа шығарылады.  Осы бағытта орын алған жағдайға байланысты, бұл беталыс әлі де жалғаса беретін болады. Бүгінде бар ағаш өңдеу өнеркәсіптерінің әлеуеті төмен. Сондай-ақ, мамандардың айтуы бойынша облыста ағашты терең өңдейтін кәсіпорындар жоқ, немесе ағаш дайындау кәсіпорындарының материалды-техникалық негіздері төмен.


Осыған байланысты облыс әкімі тиісті мемлекеттік мекемелерге ағаш өңдеу өнеркәсібін орналастыру бойынша, көліктік логистика мен жер ресурстарына, инфрақұрылымына сараптама жасап, ұсыныс жасау жөнінде тапсырма берді.


Сонымен қатар, жұмыс тобының мүшелері аймақтардың ағаш өнеркәсібі кешендерінің жағдайын жақсартуға бағытталған, аталған жобаның негізі болатын ұсыныстар дайындады. Сондай-ақ, мамандар әрекеттегі орман заңнамасына және басқа да нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы бастама көтеруді, соның ішінде орман ресурстарын бекіту тәртібін енгізу мәселелері, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, ағашты дайындау және өңдеу шығындарын азайту туралы айтты.


Консалтингтік компания аталмыш жобаны әзірлеуді келесі аптадан бастайды, және екі айдың ішінде аяқтауды жоспарлап отыр. Айта кету керек, «ПеуериРус» ЖШҚ орман өнеркәсібі мәселелерінде консалтингтік қызмет көрсетуде тәжірибесі мол. Аталмыш компания ТМД елдерінде 1991 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Ол орман өнеркәсібі және химиялық өнеркәсіп, жаңа технологиялар саласында 300-ден астам жоба әзірлеген.


Орманды құрайтын негізгі ағаш тұқымдары – қарағай, майқарағай, шырша, самырсын және балқарағай. Орман шаруашылығын жүргізу үшін облыста 13 мемлекеттік мекеме жұмыс атқарады. Олардың негізгі міндеттері орманды өрттен және өз еркімен кесуден сақтау, орманды қайта қалпына келтіру, орманды қорғау іс-шаралары жүргізу болып табылады.


Орман шаруашылығын дамытудың болашағы орман шаруашылығын жүргізудің тиімділігін арттыруға және ормандарды қалпына келтіру жұмыстарының көлемін арттыруға бағытталған «2008-2010 жылдарға арналған Жасыл ел» республикалық және өңірлік бағдарламаларында жарық көрген болатын. Бағдарламаны іске асыру ормандарды қорғауды, күзетуді және молықтыруды ары қарай дамытуға, оларды ұтымды пайдалануға, ормандардың сақталуын қамтамасыз етуге және орман өрттерінен және заңсыз ағаш шабудан келетін залалды азайтуға, орман шаруашылығын бұдан әрі жүргізудің тиімділігін арттыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


Облыстағы бірегей тұқымдарды сақтау үшін жалпы көлемі 1,7 млн. гектар болатын 18 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылды. Бұлар Марқакөл және Батыс – Алтай мемлекеттік табиғи қорықтары, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты, 8 мемлекеттік табиғи қорықшалар, 1 республикалық табиғат ескерткіші және 5 облыстық табиғат ескерткіштері. Бұлардың негізгі қызметі биологиялық әралуандықты сақтау және қалпына келтіру, ғылыми-зерттеу, рекреациялық және экологиялық-ағартушылық қызметтерді жүргізу. Келешекте ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін ары қарай дамыту, қазіргі барларын кеңейту және Сауыр, Тарбағатай, Зайсан қазан шұңқырында жаңадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру жоспарланып отыр.


 


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар