Алматыда жүк көлігі пойызбен соқтығысты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жол апаты Түрксіб ауданында болды. Алдын ала мәлімет бойынша КАМАЗ жүк көлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде теміржол өткеліне шығып кетіп, тоғыз вагоннан тұратын пойызбен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан КАМАЗ жүргізушісі түрлі дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Жүк көлігіне айтарлықтай механикалық зақым келген.
Түрксіб аудандық полиция басқармасы бұл істі тіркеді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, жол-көлік оқиғасының сызбасы жасалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.