2026 жылғы 29 шілдеде Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді. Жерасты дүмпулерін ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығының" сейсмикалық станциялар желісі тіркеген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақыты бойынша сағат 11:09-да болған.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан.
Эпицентрдің координаттары – солтүстік ендіктің 41.357 градусы және шығыс бойлықтың 78.778 градусы.
Жерасты дүмпулері Алматы қаласында 2 балл деңгейінде сезілген.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.