Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, Диваев көшесі, 21/1 мекенжайында орналасқан дүкен сүрілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның меншік иесі тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасыз, сараптама қорытындысынсыз, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалаусыз салынғаны анықталды.

Фото: Алматы әкімдігінен
Аталған заңбұзушылықтарға байланысты меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді.
Нұсқама талаптарын орындау мақсатында қазіргі уақытта заңсыз салынған нысан меншік иесінің күшімен толықтай бұзылды.