Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды dalanews.kz.
Атап айтқанда, 8 және 9 қыркүйек күндері сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Райымбек даңғылынан Мәметова көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.
Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Әкімдік бағытта алдын ала жоспарлауды сұрады.
Айта кетейік, Алматыда LRT құрылысы аясында қарқынды дайындық жүргізіліп жатыр. Төле би көшесі, Момышұлы көшесінен Жароков көшесіне дейінгі шығыс бағыттағы учаскеде бұрынғы трамвай желісінің байланыс торабына тиесілі тіректер алынып, олардың орнына жаңа сәндік тіректер орнатылады.
Қазір қолданыстағы тіректерде әуе электр беру желілері, байланыс желілері, интернет-провайдерлердің желілері, жарнамалық құрылымдар және басқа да инженерлік коммуникациялар орналасқан. Олардың бір бөлігінің меншік иелері немесе пайдаланушы ұйымдары әлі күнге дейін анықталмаған.