Алматыда полиция екі жасөспірімді есірткі сақтап, оны сатуға әрекеттенді деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тінту кезінде олардың бірінен ұнтақ тәрізді зат табылған. Алдын ала сараптамаға сәйкес, ол - салмағы 300 грамға жуық мефедрон.
Полицияның мәліметінше, жасөспірімдер есірткіні сату үшін сақтап, тасымалдаған болуы мүмкін.
Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.