Алматыда екі көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Алматыда екі көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
pixabay.com

Алматыда 4–13 қыркүйек аралығында Орталық және Талды көшелерінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметінше, шектеу Қакимбек Салықов көшесінен Жәңгір хан көшесіне дейінгі учаскеде енгізіледі.

Қозғалысты шектеу қажеттілігі №2353 және №2363 220 кВ электр беру желілерінің зақымдануына байланысты туындаған. Соның салдарынан Алматы мен Алматы агломерациясын электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ететін 220 кВ желісінің сақиналы схемасы бұзылған.

Электрмен жабдықтау схемасын қалпына келтіру үшін «АЖК» мамандары Орталық және Талды көшелері маңындағы зақымданған кабель учаскесінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.

Жұмыстың ерекшелігіне байланысты аталған аумақта көлік қозғалысын ұйымдастыру тәртібі уақытша өзгереді.

Жөндеу жұмыстары тәулік бойы қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізіледі. Компания жұмыстарды мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқтап, қозғалысқа қойылатын шектеу уақытын барынша азайтуға тырысатынын мәлімдеді.

Тұрғындар мен қала қонақтарына бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.