Алматыда бірнеше ауданда жарық уақытша өшіріледі

Алматыда бірнеше ауданда жарық уақытша өшіріледі
Фото: Depositphotos

Алматыда 18-22 мамыр аралығында жоспарлы электр қуатын өшіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы "Алатау жарық компаниясы" мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Компания таратқан ақпаратқа сәйкес, уақытша шектеулер қаладағы бірқатар шағынаудан мен тұрғын үй алаптарын қамтиды. Атап айтқанда, Айгерім, Көкқайнар, Шаңырақ, Ұлжан, Ақжар, Таусамалы, Қалқаман, Алмагүл, Горный Гигант, Бағанашыл, Нұр Алатау, Көктөбе және Ақсай шағынаудандарында жарық уақытша сөндірілуі мүмкін.

Сонымен қатар Жандосов, Гагарин, Сәтбаев, Әуезов, Жароков, Райымбек, Абылай хан, Желтоқсан, Төле би, Бұқар жырау көшелері мен Әл-Фараби даңғылының жекелеген бөліктерінде де электр қуаты уақытша ажыратылады.

Энергетиктердің мәліметінше, жұмыстардың басым бөлігі күндізгі уақытта — таңғы 08:00 не 09:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жүргізіледі.

Компания өкілдері бұл шаралар электр желілерін жаңғырту мен жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынғанын атап өтті. Тұрғындарға алдын ала қажетті құрылғыларын қуаттап алып, жоспарларын ескеріп жүру ұсынылды.