Алматыда қалта ұрлығына қатысы бар деген күдікпен бір отбасының үш әйелі ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полицияның мәліметінше, күдіктілер алдын ала өзара рөлдерді бөлісіп алып, ұйымдасқан түрде әрекет еткен. Олар негізінен базарларда, қоғамдық көліктерде және адам көп жиналатын орындарда ұрлық жасап, азаматтардың ұялы телефондары, ақшасы мен алтын әшекейлерін жымқырған.
Алдын ала дерек бойынша, ұсталғандардың Алматы аумағында жасалған ондаған қалта ұрлығына қатысы болуы мүмкін. Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.