Алматыда Асанәлі Әшімовтің бейітіне ескерткіш қойылды

Алматыда Асанәлі Әшімовтің бейітіне ескерткіш қойылды
Асанәлі Әшімов. Фото: instagram.com/bagdat.ashimova

Алматыдағы "Кеңсай" зиратында Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің бейітіне қойылған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі "Театр тынысы" парақшасы хабарлады.

Қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі Асанәлі Әшімов ұлттық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосты. Ол сахна мен кинода көптеген күрделі әрі есте қаларлық образдарды сомдап, режиссер ретінде де танылды.

Ескерткіштің мүсінін белгілі мүсінші Гүлфия Мендеш жасаған. Ол бұған дейін де Асанәлі Әшімовтің көзі тірісінде бірнеше бюст-ескерткішін әзірлеген.

Асанәлі Әшімов 2025 жылғы 21 желтоқсанда 88 жасқа қараған шағында өмірден өтті.