Алматы полициясы кейінгі бес күнде айыппұл бойынша қомақты берешегі бар 20-дан астам көлікті анықтап, арнайы тұраққа жеткізді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ең ірі қарыз Қырғызстанда тіркелген BMW көлігінің иесіне тиесілі. Оның төленбеген айыппұлы 1,7 миллион теңгеден асқан.
Полиция мәліметінше, көліктер «Қорғау» іс-шарасы кезінде ақпараттық жүйелер мен бейнебақылау камераларының көмегімен анықталған. Олардың көбі шетелде тіркелгенімен, арасында Қазақстан нөмірімен жүрген көліктер де бар.