Ел тарихымен тағдыры сабақтас жандардың да Құрылтай сайлауына қатысуы ерекше мәнге ие. Солардың бірі – Ұлы Отан соғысының ардагері, ғасыр жасаған Зұлхарнай Сейітов, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ол бүгін үйінде азаматтық міндетін атқарып, дауыс берді.

Майдангердің сайлауға қатысуы үшін учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері үйіне арнайы барып, дауыс беруге жағдай жасады. Жасына қарамастан, Зұлхарнай Сейітұлы елде болып жатқан маңызды оқиғаларға қызығушылық танытып, өзінің дауыс беру құқығын пайдалануды маңызды деп санайды.
Ол үшін сайлауға қатысу – жай ғана дауыс беру емес, азаматтық ұстанымын білдіріп, елдің болашағына өз үлесін қосу.
Сайлауға бірінші рет қатысып, алғашқы қадамын жасаған жастармен қатар, аға буын өкілдері де таңдау жасауда. Олардың өнегесі азаматтық жауапкершіліктің жасқа қарамайтынын көрсетеді.