Алматыда магнитудасы 2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі 12 тамыз күні Астана уақытымен сағат 12:14-те болған.
Жерасты дүмпуін ҚР ТЖМ-ге қарасты "Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ғылыми орталығы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі тіркеген.
"Алматы қаласында – 2 балл", - делінген министрлік хабарламасында.
ТЖМ мәліметінше, әзірге зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.