Алматы облысында жанжал соңы кісі өлімімен аяқталды

Алматы облысында жанжал соңы кісі өлімімен аяқталды
pexels.com

Алматы облысының Талғар ауданындағы Ақтас ауылында ер адамдар арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, тандыр нан сатып жүрген ер адам мен күдікті арасында сөзге келіспеушілік туындаған. Жанжал барысында күдікті жәбірленушіге екі рет пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Ауыр жарақат алған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Полиция 56 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол өз кінәсін мойындаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.