Freedom Inside '26

Алматы облысында полицейдің өртенген мәйіті табылды: іс бойынша әйелі мен ұлы тексеріліп жатыр

Алматы облысында полицейдің өртенген мәйіті табылды: іс бойынша әйелі мен ұлы тексеріліп жатыр
gov.kz

Алматы облысының Кеген ауданында адам шошырлық қылмыс тіркелді. Кеше күндіз отқа өртелген күйдегі 37 жастағы полиция қызметкерінің мәйіті табылған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, қаза тапқан азамат – Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасында қызмет еткен Аслан Әлсеров.

Құқық қорғау органдары кісі өлтіруге қатысы болуы мүмкін деген күдікпен марқұмның жұбайы Арайлым Әлсерованы тексеріп жатыр. Ол бұған дейін Алматы қаласының Бостандық аудандық полиция басқармасында жұмыс істеген.

Тергеушілер ерлі-зайыптылардың 14 жастағы ұлы мен оның кәмелетке толмаған досына қатысты да мән-жайды анықтап жатыр. 

Аслан мен Арайлым Әлсеровтер 15 жылдан астам уақыт отасқан. Олар жеті баланы тәрбиелеп өсірген. Отбасы көпшілік арасында үлгілі жанұя ретінде танылып, олардың өмірі туралы телесюжеттер түсіріліп, мақалалар жарияланған. Аталған дерек бойынша «Аса қатыгездікпен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Егер күдік расталса, кінәлілерге 15 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.