Freedom Inside '26

Алматы облысында деменцияға шалдыққан зейнеткер екі аптаға жуық уақыттан бері іздестіріліп жатыр

Алматы облысында деменцияға шалдыққан зейнеткер екі аптаға жуық уақыттан бері іздестіріліп жатыр
ktk.kz

Алматы облысында із-түссіз жоғалған 70 жастағы Александр Саворовскийді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Зейнеткер 11 маусымда үйінен шығып кеткеннен оралмаған, деп хабарлайды dalanews.kz "КТК" телеарнасына сілтеп.

Туыстарының айтуынша, ер адам деменция дертіне шалдыққан. Ол өз есімін, жақындарын және тұрғылықты мекенжайын есіне түсіре алмайды, сондай-ақ, сөйлеу қабілетінде қиындықтар бар.

Бейнебақылау камераларындағы жазбаларға сәйкес Александр Саворовский автобусқа отырып, "Алтын Орда" базарына барған. Кейін Қаскелең тасжолы бағытына қарай бет алған. Оның соңғы рет жүрген жері Қаскелең тасжолының 19-шақырымы маңынан анықталған.

Қазір зейнеткерді іздеуге 100-ден аса адам жұмылдырылған. Туыстары, еріктілер мен полиция қызметкерлері Алмалыбақ ауылын және маңайдағы аумақтарды тексеріп жатыр. Іздеу барысында дрондар қолданылып, егістік алқаптар мен су айдындары қаралған.

Еріктілердің мәліметінше, зейнеткер Алматы қаласына қайта оралуы да мүмкін.

Ақпарат білетін азаматтар +7 705 979 9537 нөміріне хабарласа алады.