Алматы маңында белгісіз ұшатын көлік байқалды

Алматы маңында белгісіз ұшатын көлік байқалды
Фото: kris__p__official

Әлеуметтік желіде Алатау қаласы маңында түсірілген ерекше ұшу аппаратының видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Видеодағы құрылғы сырт көзге кәдімгі тікұшаққа ұқсамайды. Көлемі дроннан әлдеқайда үлкен аппараттың қала үстінде ұшып жүргені байқалады. Видео авторы мұның Алатау қаласының аумағында түсірілгенін жазған.

Желі қолданушылары түрлі болжам айтып жатыр. Кейбірі бұл жаңа дрондардың сынағы болуы мүмкін десе, енді бірі жол ережесін бұзғандарды бақылауға арналған құрылғы болуы ықтимал екенін жазуда. Сондай-ақ аэротакси сынақтан өтіп жатыр деген пікірлер де пайда болды.

Алайда әзірге видеодағы аппараттың нақты қандай техника екені белгісіз. Бұл бойынша ресми органдар да ешқандай ақпарат таратқан жоқ.