Алматының ойын-сауық орталықтарында түнде антитеррористік оқу-жаттығу өтеді

Ақтоты Жапатова 19 там. 2025 15:00

Алматыда жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығулар өткізіледі,- деп хабарлайды Dalanews.kz 

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, 18-20 тамыз аралығында түнгі уақытта Mega Almaty аумағында (Розыбакиев көшесі, 247а), «MOSKVA Metropolitan» аумағында (8-шағынаудан, 37/1) және арнайы ХҚКО-да (Саялы шағынауданы, Ақ-Қайнар көшесі, 1) жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығулар өткізіледі.

- Оқу-жаттығулар адамдар көп жиналатын орындарда терроризм актілерінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған. Қауіпсіздік шараларын сақтап, мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, жалған ақпарат таратпау қажет екендігін ескертеміз, - деп хабарлады полициядан.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар