Алматының Бостандық ауданы әкімдігі жаңа жылға дайындыққа 178,5 млн теңге бөлмек

Көркем Алдабергенова 22 қыр. 2025 16:30

Алматыда Бостандық ауданы әкімдігі жаңа жылға дайындыққа 178,5 млн теңге бөлмек, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әкімдік аппараты мемлекеттік сатып алу сайтында лот жариялады.

ZTB мәліметінше, құжатқа сәйкес: 62,5 млн теңге – «Атакент» аумағын жаңа жылдық безендіруге бөлінеді. Техникалық сипаттамада биіктігі 25 метр, диаметрі 12 метрлік шырша, гирляндалар, үш фотозона және жарық мүсіндері, оның ішінде биіктігі 2 метрлік жылқы мүсіні мен «2026» цифрлары бар арка-шар көрсетілген.

Тағы 62,5 млн теңге – Тұңғыш Президент саябағын безендіруге жұмсалмақ. Мұнда да шырша орнатылады, гирляндалар мен фотозоналар қойылады.

53,5 млн теңге – ауданның магистраль көшелерін жарық шамдармен безендіруге жоспарланған. Өтінімдер 24 қыркүйектен 1 қазанға дейін қабылданады. Айта кетейік, Түрксіб ауданы әкімдігі де мерекелік дайындыққа 178,5 млн теңге жұмсамақ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар