"Жер сілкінісі болған кезде оны анықтайтын станциялар 5 балдан асса ғана сиреналар қосылады. Себебі 6 балдан бастап зардап шеккендер де, бұзылған ғимараттар да болуы мүмкін", - дейді ТЖД басшысы.
Сонымен қатар, ТЖД алматылықтарға жер сілкінісі туралы SMS неліктен алдын ала келмегенін түсіндірді.
"Хабарламаларды жедел жіберу кезінде, тәжірибе көрсеткендей, хабарламалар бойынша мәліметтер тұрғындарға кеш келеді. Себебі халықтың тығыздығы үлкен. Ұялы желі операторларының бұл ақпаратты өңдеп үлгермейді. Тиісінше жедел ақпарат кеш келеді", - дейді ТЖД басшысы.
Айта кетейік, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі “НТЦСН и И” сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша сағат 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 00:09:02-де (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 09 мин 02 сек) жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 5 балл, Шымкент 2 балл болып сезілген.
Артынша жер сілкінісі тағы да сезілді. Көп ұзамай жер сілкінісінің үшінші толқыны сезілді.
Сурет: pexels.com