Алматылықтардың телефонына "төтенше жағдай" дабылы келді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіліп жатыр. Сабыр сақтап, белсенді қатысуға шақырамыз!" - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін 30 сәуірде сағат 11:00-де Алматыда жоспарлы сейсмикалық жаттығу өткізілетіні хабарланды. 28 сәуірден бастап радиоарналарда жаттығу туралы ақпарат пен сабыр сақтауға шақыратын хабарламалар беріле бастады.
"Жаттығуға дейін дабыл шабаданын дайындап, электр желілері мен ғимараттардан алыс қауіпсіз орынды анықтап алыңыз. Алматыда 384 халықты қабылдау пункті жұмыс істейді. Қабылдау пункттері туралы толық ақпаратты 2ГИС картасынан немесе Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің және әкімдіктің ресми сайттарынан табуға болады. Азаматтарды сабыр сақтауға және сейсмикалық жаттығуға белсенді қатысуға шақырамыз", - деді бұған дейін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілі.