«Достық 36 мекенжайында жаңа мейрамхана ашылып жатыр. Атауы Lenina 36. Бұл – сәтсіз атау, деп есептеймін. Біреу бұл даңғылдан Лениннің баяғыда-ақ “көшіп кеткенін” білмейтін сияқты», — деп жазды Threads қолданушысы erdentakenov.
Алматылықтар Ленин атауымен ашылған Lenin36 атты мейрамхананың ашылуына қарсы шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Threads әлеуметтік желісінде мейрамхана атауына қатысты дау туды.
"ЛЕНИН БІЗГЕ ЕШКІМ ЕМЕС! Алматыда жуырда “Lenina 36” деп аталатын кафе ашылады екен. Бұл жай ғана атау емес, тарихи санаға жасалған ашық провокация. Қазақстан өз тәуелсіз жолын айқындап, отарсыздануға ұмтылып жатқанда, Ленин есімін қайтадан жарнамалап, бизнеске құрал ету артқа шегіну, өткенді романтизациялаудың көрінісі деп есептеймін. 2GIS-тегі парақшасында пікір қалдырып, кафе атауын өзгертуді талап етейік!".
Одан бөлек, қазақстандықтар 2GIS қосымшасында мейрамхананың рейтингін түсіруге тырысып жатыр. Ал енді бірі керісінше кәсіпкерді қолдап 5 балл қойып жатыр.