Алматылықтар бүгін сағат 10.00-де жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әзірге ресми органдар мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен шамамен 4,5 балдық жер сілкінісі болғаны айтылып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін ХАТУ PhD докторы және Ионосфера институтының жетекші ғылыми қызметкері Марат Нұртас Алматыда болған жер сілкінісіне байланысты маңызды деректерді бөлісті.
Маман наурызда абайлау керек екенін, қарашада қайталанатынын да мәлімдеді.