Алматылық оқушылар айдың аяғына дейін онлайн оқиды

Dalanews 12 қаң. 2022 14:10 854

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты алматылық оқушылар 31 қаңтарға дейін, студенттерді 6 ақпанға дейін қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Өкінішке қарай, санитарлық дәрігерлер оқушыларды қашықтықтан оқытуға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Айта кету керек, әлемде мектептерді бірінші болып ашып, соңғысы болып жабу дәстүрге айналған. Біз толыққанды сапалы білім беруді қамтамасыз ету маңызды деп санаймыз",  – деді ҚР БҒМ баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева

ҚР БҒМ өкілі балалар үшін де, ата-аналар үшін де барлық тәуекелдер мен салдарларды жан-жақты талдау және есепке алу негізінде оқыту форматын өзгерту туралы шешім қабылдау қажет екенін атап өтті.

Бұған дейін елордалық оқушыларды "омикрон-штамм"салдарынан 31 қаңтарға дейін онлайн оқытуға ауыстыратыны белгілі болды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар