Алматыға Lufthansa ұшағы шұғыл қонды: бір жолаушы көз жұмды

Ақтоты Жапатова 26 жел. 2025 16:31

Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған Lufthansa әуе компаниясының ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Рейс кезінде борттағы бір әйелдің жағдайы кенеттен нашарлаған. Осыған байланысты ұшақ Алматыға қонған. Алайда әуежай дәрігерлері мен жедел жәрдем қызметі әйел адамның әуе кемесі қонғанға дейін көз жұмғанын анықтады.

Алдын ала деректерге сәйкес, марқұмның жүрегі тоқтап қалған. Қайтыс болған әйел – шетел азаматы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар