Алматыдан Қаскелең мен Ұзынағашқа қатынайтын автобустар іске қосылды

Сағыныш Сардарова 01 қар. 2024 10:15 2287

Алматыдан Қаскелең мен Ұзынағашқа автобус маршруты ашылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы мегаполисінің агломерациямен көлік байланысын нығайту мақсатында 1 қарашадан бастап тағы үш қала маңы маршруты іске қосылды.

№245 маршрут: Ұзынағаш ауылының автобекетінен – Төле би-Яссауи автобекетіне дейін. Бұл бағытта үлкен сыйымдылықтағы 25 автобус қызмет көрсетеді. Қозғалыс уақыты: 5:45-тен 23:00-ге дейін. Тасымалдаушы – «Ecobus service» ЖШС.

№254 маршрут: Қаскелең – «Сәлем» базары. Мұнда үлкен сыйымдылықтағы 16 автобус жұмыс істейді. Қозғалыс уақыты: 5:50-ден 23:00-ге дейін. Тасымалдаушы – «Мәдина» ЖШС.

№239 маршрут: «Б.Момышұлы» метро бекеті – Долан ауылы. Бұл бағытта 18 автобус қызмет көрсетеді. Қозғалыс уақыты: 5:30-дан 23:01-ге дейін. Тасымалдаушы – «Neo City Trans» ЖШС.

Жол ақысы қала ішіндегі сияқты 120 теңге, барлық автобус «Onay» электронды билеттеу жүйесімен жабдықталған.

Айта кетейік, былтыр мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алынып, 50-ге жуық елді мекенді қамтитын 22 жаңа бағыт, соның ішінде 10 қала маңы маршруты ұйымдастырылды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электр автобусы сатып алынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар