Алматыдан 269 шақырым жерде тағы да жер сілкінді

Алматыдан 269 шақырым жерде тағы да жер сілкінді
Қырғызстан мен Қытай шекарасында тағы бір жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жер асты дүмпулері 24 қаңтарда Астана уақытымен сағат 09:56-да тіркелді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 269 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,6. MPV магнитудасы - 4,7", - делінген хабарламада.  


Қазақстан аумағында cезілгені туралы мәліметтер жоқ.

Сурет: depositphotos.com