Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматыда орын алған жер сілкінісіне байланысты құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің жұмыстарына сын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сонымен қатар министр сейсмикалық құрылымдардың әлсіз жұмысына да тоқталып өтті. Оның ішінде азаматтарды келеңсіз жайттан хабардар ету, ақпараттандыру және оқыту жөніндегі қызметке байланысты шағымдары да болды. Осы тұста министр жер сілкінісі кезінде іс-қимылдарды түсіндіру бойынша халықпен жұмысты күшейтуді тапсырды. Қала берді еліміздің барлық өңірінде бар хабарландыру жүйесін іске қосу алгоритмін жетілдіруді тапсырды.
"Азаматтарды сейсмикалық жаттығуларға тартудың жаңа шараларын қолдану керек. Оқыту сабақтың жаңа әдістерін қолдана отырып, шынайы жағдайға жақын жүргізілуі қажет. Ескерту мен оқыту сапалы әрі мақсатты болуы керек", - деді Сырым Шәріпханов.