Алматыда дүкен мен автосервистегі өртке байланысты сөндіру шаралары жүргізілуде деп хабарлайды Dalanews.kz.
ТЖМ мәліметінше, өрт Сейфуллин даңғылында болды. Жеке тұрған дүкен мен автосервистің өртенгені хабарланды.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Оқиға орнында құтқарушылар күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Су үздіксіз жеткізіліп, өртті сөндіру тоқтаусыз жүргізілуде.
