Алматы қалалық полициясы мешіттерде ұрлық жасап келген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Polisia.kz мәліметінше, ер адам намаз оқып жатқан адамдардың телефондарын, әмияндарын және басқа да жеке заттарын жасырын түрде ұрлаған. Ол адамдардың назары құлшылыққа ауған сәтті пайдаланып, қылмысын жасаған.
Қазіргі уақытта күдіктінің бірнеше ұрлығы әшкере болды. Сондай-ақ оның басқа ұқсас ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
