Алматыдағы Mega Park сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды

Көркем Алдабергенова 09 жел. 2025 11:45

Алматыдағы Mega Park сауда-ойын-сауық орталығынан адамдар эвакуацияланды. Ғимарат ішінде дабыл жүйесі іске қосылып, қызметкерлерге дереу эвакуациялау туралы хабарлама берілген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, адамдарды сабыр сақтауға шақырып, жақын орналасқан шығу есіктеріне бағыттаған. Сауда орталығы сағат 10:00-де ашылады, сондықтан ішінде негізінен жұмысқа дайындалып жатқан қызметкерлер болған.

Кейінірек полиция өкілдері ғимараттың «бомбалануы мүмкін» деген анонимді хабарлама түскенін айтты.

«Алғашқы шаралар аясында барлық шұғыл қызметтер мен қаладағы жедел бөлімдер дереу жұмылдырылды. Қауіпсіздік мақсатында келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды, ғимарат комиссиялық тексеруден өткізіліп жатыр», - деп мәлімдеді полиция.

Полиция жалған хабар берген адамның жеке басын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол заң бойынша жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар